"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН "ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ" АҚ ӨҢІРЛІК ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ КЕЛДІ

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына жұмыс сапарымен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ өңірлік дирекциясының өкілі М.М. Жарылқасынов келді. Қор Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар шеңберінде өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру, жетілдіру және тиімділігін арттыру жөніндегі институт болып табылады.

Кездесу барысында "Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев Қор өкілін АЭА-ның қызметімен, іске асырылып жатқан жобаларымен және инвестициялық әлеуетімен таныстырды.

"Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ баспасөз қызметі 

Желілерде бөлісу:

  • 52